Еліктің лағы орман ішінде келе жатыр еді. Оның алдынан аю кездесті. Ол ашуланып:
-Бұл жолмен сен неге жүресің?-деді лаққа.
-Жүрсе не болады?
-Бұл жолмен мен ғана жүруге тиіспін. Бұл-менің жолым!-деп ақырды аю.
Осы кезде арыстанның гүрілдеген даусы естілді. Ол жолмен осылай қарай келе жатыр еді. Бағанадан бері өктем сөйлеп тұрған аю қаша жөнелді.
-Ей, аю аға, жолыңды тастап қайда барасың?
-Мен байқамаппын. Бұл жол арыстандікі екен!-деді аю қашып бара жатып.