Сұрақ: -Қара бала туралы ән естиміз. Анда-санда естіген сайын мәтіні қолда болса шіркін деген тілегіміз бар... Бір топ оқушылар Өскемен қаласы Жауап: -Ол әннің толық «Қазақтың қара баласы» аталады. Сөзі Исраил Сапарбайдікі, әні Арман Бексұлтандікі. Толық мәтіні төмендегідей: Еңісте жүрген ел болмас, Етектен кесіп жең болмас. Еншілеп алған ауруға Екі дүниеде ем қонбас. Ананың сүтін арда емген, Атадан бала кем болмас. Тебініп атқа мінсе де, Тектіге тентек тең болмас. Қазанға түспей ас болмас, Қарекет қылған аш қалмас. Қазақтың қара баласы, Біріне-бірі қас болмас. Қазақтың қара баласы Біріне бірі қас болса, Күндердің күні туғанда, Жат болудан жасқанбас.
¬Өзіңе өзің жаудайсың, Өнбейтін істі даулайсың. Төріңді жатқа жайлатып, Төсекте жатып аунайсың. Аузыңмен орақ орасың, Тіліңмен оны баулайсың. Атымтай сенің неңді алған, Қожанасырдан а
...
Толығымен (Подробнее)»
| |