|
Жатырмысың, әй, Сапар, (ақынның жұбайы, 37 жасында Ақмола қаласында қайтыс болған) Топырақпен барабар. Қара шымды жамылып, Жатқаның ба, гүл қызар.
Қазір келдім басыңа, Жалғыз Садық қасымда. Топырақ астында қалыпсың, Отыз жеті жасында.
Қалдым көрмей жүзіңді, Естімей қалдым сөзіңді. Жеткізбей хабар бір адам, Жеткізе алмадым өзімді.
Сұрақсыз кешу ол менен, Топырақ көрдім мен сенен. Қауіпті болса, мен кештім, Көрмеген соң мен зиян.
Есілде қалдың топырақ, Мінгізбей тәңірім ол пырақ. Жарым Сапар, қош енді, Кетемін енді мен жырақ.
Өмірім бойы қусам да, Жаспен бетім жусам да, Жарым Сапар, қош енді, Тұрмайсың мың жыл тұрсам да.
|