Сұрақ: Мені жумысқа бір рет келмеген үшін жұмыстан шығарып, сонымен қатар айыппұл салмақшы. Жұмыс берушінің мұндайға құқығы бар ма? Шалқар Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54 бабының 6 тармақшасына сәйкес жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негiзi болып қызметкердің бiр жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны бола алады.Сонымен қатар заң жұмысқа шықпаудың ерекше себептер тізімін қарастырмайды, сондықтан да жұмыс беруші қызметкермен жеке еңбек шартын бұзу жөніндегі шешімді шешпестен бұрын, қызметкердің дәл бұндай әрекетіне түрткі болған себептерді обьективті түрде қарастыру тиіс.Сол мақс
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Менің інім бірінші баласы туғанда әйелі оған алиментке арыз берді, дәл сол уақытта олар бірге тұрып , олардың екінші балалары туған болатын. Олар азаматтық некеде тұратын. Енді олар айырылысып, ініме екі балаға да алиментті уақытында төлегеніне қарамастан, бірінші баласы үшін қарыз санап және пәтерді арестке салған болатын. Ол пәтерге салынған арестті алала ма? Ісмет
Жауап: Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 99 бабына сәйкес алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда олар борышкердiң кез келген мүлкiнен оған, пәтердегі үлесі де өндiрiп алынуға жатады. Тыйым салу (арест) бүкіл пәтерге емес, тек борышқорға тиесілі бөлігінде ғана салынуы мүмкін. Егер де алимент бойынша қарыз төленбесе, онда
...
Толығымен (Подробнее)»
| |