Жалғасы... Ана парасатты болса, әже данышпан болады. Бүгінгі қыздарға кесте тіктіріп, шұлық тоқыта алмаймыз. Өздеріне ұнаған матадан «қалаған үлгіде көйлек тігіп ал» деп мәжбүрлеу де мүмкін емес. Барлығы дайын. Өз басым күні бүгінге дейін шаршаған сәтте бір мезгіл кесте тіккенді жақсы көремін. Кестенің өрнегіне қарағанда адам бөтен ой ойламайды. Ойыңнан өрнек салып отырғанда тек соның әдемі болып шығуына көңіл бөлесің. Қазақтың кез-келген қолөнері атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа осылай жеткен жоқ па?! Өзіміздің қолөнерімізді осылай дамытып, түрлендіріп мұра етіп қалдырмадық па?! Әңгімемізді кішкентай қыздың жетіге толғанда құлағын тесіп, үлкен өмірге бағыттайтынымыздан бастадық. Өз басым, ылғи да жастардан бір нәрсені талап етуден бұрын оларға үлкендердің алдымен өздері үйретуі керек екенін, көрсетуі керек екенін айтып келемін. Ал бұдан шығатын қорытынды-қыз тәрбиелі болса, келін өнегелі болады. Келін ө
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жүргенде бір шапандық олжа сынды,
Ел-жұртым көрген еді көз жасымды. Қанды көз қарақұстың тырнағынан, Босатып зорға алып ем өз басымды.
Сонда бір қызыл гүлім сарғайып ең, Жаралы жүрегімнен зар жайып ем. Бұтаға қорғалаған бозторғайдай, Халқымнан көмек тілеп қол жайып ем.
Ел-жұртым тілегіме құлақ салып, Шығып ед жаным күйген өрттен алып. Қайықтай дауыл қуған қалтылдасам, Сен едің пана болған, қалың халық.
Мен риза, риза шығар жұрт та маған, Сезе ме тұщы-ащыны ұрттамаған. Ақ жүзім күзгі гүлдей солғын тартты, Күн қаққан шүберектей жұртта қалған.
Ел едік Үйсін-Найман аулы аралас, Қосылған төскейде мал, төсекте бас. Көптен-ақ өздеріңе мәлім еді, Көзімнен жас аққаны қан аралас.
Жалайыр жалпақ жуас берекелі, Жасымнан мәлім еді ел мекені. Арықтап, аңсай іздеп келгенімд
...
Толығымен (Подробнее)»
| |