|
Оқу-білім азығы, Білім-ырыс қазығы.
Жігіттің екі өнері бар: Атқанда-жыққан, ашқанда-оқыған.
Жақындықты ат айырады, Оқымағанды хат айырады.
Оқу түбі-тоқу. Оқымаған бір бала, Оқаса екі бала.
Оқығанның беті жарық, Оқымағанның беті көн-шарық. Оқу-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы.
Шәр кітапты оқысаң, Әр кітапты оқырсың.
Оқы да біл, Ойна да күл.
Ойна, бірақ жұмысты да ойла!
Тұмсықтының тамағы, Шоқуменен табылар, Өнер-білім дегенің, Оқуменен табылар.
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Дария жанынан құдық қазба.
Жалғасы бар...
|
Әрқайсымыздың организмімізде денсаулығымызды қалыпты ұстап тұруға қажетті де жеткілікті мөлшерде физикалық және психикалық мүмкіндіктер баршылық. Міне, осылардың жартысын ғана ұтымды пайдалана білсек, біз салауатты да бақытты ғұмыр кешер едік. Бұл турасында адамтану жөнінде көне жазбаларда да айтылған. Табиғат, аурудың пайда болуы мен емдеу тәсілдері турасында жазылған. Қолжазбалар бар. Және олар әр елдің баға жетпес байлығы іспеттес сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа дәріс болуда. Бір таңқаларлығы, «дәстүрлі», медицинаны кейбір ғалымдар «дәстүрлі емес» деп те айтып жүр. Шынтуайтына келгенде Батыс пен Шығыс халықтарының емдеу әдістемелері бүгінгі медицинаны толықтырып, байытып отыр емес пе?Болгарлық көріпкел-емші Ванганың кеңестері славян халқы емдеу әдістемелерінің жалғасы іспеттес. Шығыстың танымал дәрігерлері Н. Уокер, Корбетт, М.Ф. Гогулан, доктор Г. Шелтонның ауруды емдеу жөніндегі е
...
Толығымен (Подробнее)»
| |