Бір үйге қонақ келіп отыр екен. Бәйбіше қазан асып, ет салады. Әлгі үйдің адамдары құмырысқадай қыбырлап бірі кіріп, бірі шығып жатады. Қонақ қазықтай қағылып тапжылмастан отыра береді. Қазан қайнаған кезде бәйбіше келіп қазанға бір уыс тұз салып далаға шығып кетеді. Одан кейін тоқал келіп, тағы бір уыс тұз салып ол да шығып кетеді. Ең соңынан келіні келіп, қазанның қақпағын ашып көреді де, көбігін қалқып тастап, бір уыс тұз салып о да шығып кетеді. Қонақ бұлардың барлығын таңырқап көріп, байқап отырады да, үй иелері шығып кеткен кезде ол да қазанға бір уыс тұз салып қояды.
Үй адамдары жиналып, асты түсіріп, алға ала бергенде, бәйбіше тамақтың дәмін татса удай ащы екен. -Ибай-ау, мынаған не болған, удай ғой. Мен бір-ақ уыс тұз салып ем ғой!-дейді. -Шешей-ау, сіз салмаған шығар деп мен бір уыс тұз салғанмын,-дейді тоқалы. -Сіздер ұмытқан
...
Толығымен (Подробнее)»
| |