Қашаған би қыдырып келген құдасына кетерінде бүкіл елге әйгілі Қаракеш жорғасын мінгізіп жібереді. Бұған баласы Әбіттің ренжімегенін сезген би:-Алғаныңды білгенде, бергенді білмесең, жетесіз боларсың,-депті. Сол құдасы қонақ болып барғанда Әбітке құда бала деп атан түйе сыйға тартқан екен.***
Қашаған би жігіт болып қалған баласы Бәтжаннан:-Балам байлық пен кедейліктің арасы қандай жол?-деп сұрапты. Сонда Бәтжан кідірместен :-Заманына қарай өзгеріп отыратын бұлдыр жол,-депті.-Алдыңнан ақ күн тусын!-деп батасын беріпті.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |