Жалғасы...Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек. Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап, жер бетін тұрған үйіңді жұмақ ете біл.Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме. Жақсы адам-магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң-айналаңда досың көп; жаман болсаң-жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішінен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса-іздеген досың алыстан үйіріліп, өзі келеді.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1019
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
29.03.2012
| |