Жалғасы бар... Қыз, әйел, қатын, абысын-ажын, ағайын туралы мақал-мәтелдерді саралай отырып, халық даналығына қайран қаласың. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай-ақ әрі қысқа нақылдарымен тәрбие-тағылымның тамаша үлгісін түйіп айтып отырған.Осының бәрінде ананың орны айырықша. Барлық ізгілік, мейірім, шапағат адам баласының бойына ананың ақ сүтімен дарыса керек.«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді». Әрбір ана бойындағы тағдыр берген бар асылын тоғыз ай толғатқан перзентінен аямаған. Олардың арасынан сөз ұстаған ақын да, ел қорғаған батыр да, шежіре шерткен ғалым да, ел қамын жеген дана да, үлгі-өнеге шашқан ұстаз тағысын тағы талай дүлдүлдер мен шешендер, өмір гөй-гөйін түйіндеген шеберлер де шыққан. Ел жұртына ойран салған опасыздар да, қатыгез қара ниеттілер мен халқын қанқақсатқан жауыздарда болған.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
975
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
05.03.2012
| |