Қайырымдылық жөнінде айтқанда соған апарар жолдарды да ойластыра жүргеніміз жөн тәрізді. Осыған орай Мырзагелді Кемелдің ізгілікке үндейтін еңбегімен үзінді ұсынып отырмыз. (Мырзакелді Кемел «Ақыл қалта», Аударма баспасы, 2007 ж, 30 бет):Жағдайың қалай деп сұрай салғанға бар шыныңмен жағдайыңды айта жөнелудің қажеті жоқ.Егер біреуді нашар деп, оңбаған деп, болмағыр деп айта берсең, ол шынымен солай болып кетеді. Өзі құлдырап жүрген адамға барлық дүние құлдырап жатқандай болады. Ларошфуко айтыпты: «Жаманға ылғи жаман көзбен қарау дұрыс емес, жақсылықты жаман көңілге де егуге болады, өйткені ол тас емес, көңіл ғой».Екі құлаққа бір тіл келетіні екі есе тыңдап, бір рет сөйле дегені емес пе?!Анахарсис айтыпты: «Тілің мен нәпсіңе ие бол»,-депті.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |