Пияз ауру тудыратын микробтарды жақсы жояды. Ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтетін фитонцидтер пиязға ең алдымен емдік күш береді.
Пияз фитонцидтерін баспа, тұмау, маңқа ауруларымен ауырғанда иіскейді. Ол сондай-ақ зиянды микроорганизмдердің көбеюіне кедергі болады. Езілген пияздың шырынын жараны жазатын дәру, сонымен қатар терінің қышып, қабынуына қарсы ем ретінде пайдаланады.
Асқар Омарбек
Торғай қаласы
(«Керек кеңестер №17 2012ж»)