-Қыздар! Желкілдеген жеңілтек болмаңдар! Желпілдек қызды жебір жігіттер жентектеп, ауыздарына бір-ақ қылғуға құмар келетінін ұғыңдар, ұмытпаңдар... Сабырлы болыңдар, салауатты болыңдар, қарақтарым!-Қыздар! Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу көзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудан сақтаныңдар, абыройды аттаудан сақтаныңдар!-Пәк болыңдар! Пәк болу үшін сақ болыңдар, қарақтарым!-Ағарту, оқу орындарында, өнер мен мәдениет маңында жүрген кейбір әйбат ағаларың туған халқын құрметтеуден гөрі, оның қыздарына көз сүзуді жақсы көреді. Олар қырды жақсы көрмейді, қырда өскен қызыл гүлдің тәтті шырынын сорғанды жақсы көреді. Сол гүлді бейберекет жұлып, жұпарын иіскеп, жұлмалап, табанына салып таптағанды жақсы көреді... Осындайлардың қармағы мен тұзағына түспеңдер, шырақтарым.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1143
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
30.10.2012
| |