Тері жасушаларын бұзатын бос радикалдарға соққы беретін, ажар-көріктің айбынды қорғаны С дәруменіне ең бай дақыл-осы жаңғақ. Мұның дәнін аптасына ең кемі 3 рет жеп тұрсаңыз, теріңізден нәр де, әр де кетпейді, құрғау, құрысу-тырысу дегенді білмейді, өңіңіз жазы-қысы нәрестенің бетіндей үлбірейді де тұрады.