Бірде Кенжалы би аға сұлтан Құнанбайдың еліне барады. Барса Тобықтының күллі атақты атқа мінерлері жиналып, Күнекеңнің жаңадан салдыртқан үйін тамашалап отыр екен. Кенжекең жайғасқан соң Күнекең одан:
-Мына үйіме неше адам сияды?-деп сұрайды.
-Арғын, Тобықтыдан алпыс адам сиса, Найманнан отыз адам сияды,-дейді би.-Онысы сол кезде арғын, тобықты елі киімді жұқа, ықшам киеді екен.-Ал есек мінген сарт келсе, неше кісі сиярын кім білсін,-депті.