Қыс мезгілі келе жатыр. Жаздағыдай шаң-тозаң емес, ылғалдың әсерінен ауа біршама тазарады. Алайда техниканың көптігі қаладағы ауаны ластайтыны бәрімізге аян. Олай болса, демалыс күндері шаңғы тебуге тауға шақырамыз. Біз ауладағы бес-алты зейнеткер қар түсісімен тау баурайына барып, демалыс сайын шаңғы тебеміз. Керемет тебу білмесек те, қимыл-қозғалыстан соң ерекше сезімде боламыз. Әзіл-қалжыңымыз жарасып, уақыттың қалай өткенін білмей, қимастықпен үйге оралып, келесі жорықты асыға күтеміз. Келіңіздер, тауға, мазмұнды демалыс болатыны сөзсіз.
Байжомартов. А.