The Japan Times басылымының жазуынша, спорт, ғылым және технология министрі Макико Танака әріптестеріне мынадай ұсыныс айтыпты: «Құрметті министрлер, әрқайсысымыз 5-10 мың иенді (60-120 доллар шамасында) өз қалтамыздан шығарып, Нобель сыйлығының иегері Синъя Яманакеге кір жуатын жаңа мәшине алып берейік». Министрдің бұл ұсынысын әріптестері бірауыздан қолдап, жылу жинауға кірісіп те кетіпті. Макико Танаканың бұлай етуіне не түрткі болды? Елу жастағы ғалым Синъя Яманакеге Нобель сыйлығының иегері атанғаны жөнінде телефон арқылы хабарлап айтқанда, ол қайта-қайта бұзыла беретін ескі кіржуғыш мәшинесін терлеп-тепшіп жөндеп жатыпты. «Медицина және физиология саласынан Нобель сыйлығының лауреаты атандыңыз» (сыйлық қоры 1,1 миллион доллар) деген жаңалықты естігенде, Синъя Яманаке кір-кір қолымен тершіген маңдайын сүртіп, жымиып қана қойыпты... <
...
Толығымен (Подробнее)»
| |