Данияр Жанысов («Жұлдыздар отбасы», №19, 2012 ж) тележурналист, «Қазақстан ҰТА «Жан жылуы» бағдарламасының редактор-жүргізушісі Ақбаян Сапарбаевамен сұхбаттасқан екен. Ол «Байлық емес, бата жинап жүрген қызбын» аталыпты. Осыдан айдарымызға сәйкес келеді-ау, ой салар деген оймен шағын үзінді ұсынып отырмыз: «-Ақбаян, бір белеске шығу үшін жақсы адамдар, бір биікке жету үшін бір баспалдақтың керегі анық. Бүгінгі жеткен биігіңізді кімдермен байланыстырасыз? -Анамның ағасы профессор, кезінде халықтың қалауымен ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат болды. Сол кісінің үйіне үнемі қазақтың біртуар азаматтары келіп дәм тататын. Қоғам қайраткерлері мен өнер жұлдыздары, ақын-жазушыларды күтіп алып, шығарып салу Есенкүл апамның мойнында. Сол кісіге көмектесе жүріп, ел сыйлаған азаматтарға деген құрметті көріп өстім. Қазіргі жұмысымда атынан ат үріккен а
...
Толығымен (Подробнее)»
| |