Жасым ұлғайған шақта көзімнің көруі нашарлап, көзілдірік киюіме тура келді. Осылайша 65 жасқа жеттім.Қартайған шақта бос уақыт көп. Жұмыс немесе өзге шаруа деп көп алаңдамайсың да. Бір денсаулықтан өзгені ойламайсың екен. Өйткені жастық шақта баланы, жұмысты ойлап, денсаулықты күтуге дұрыс көңіл бөлетін уақыт та болмайды. Сөйтіп жүргенде көптеген аурудың бойымызда қалыптасуына өзіміз жол беріп аламыз. «Адам ит жанды» дегендей, неге де болса да көндігіп кеткендеймін. Бірақ жанарымның көруі нашарлап кеткен соң, су қараңғы болып өзгелерге масыл болам ба деген суық ойдан денем түршігіп, одан аздап болса да арылудың жолын іздестірдім. Бұл тұста менің сенімді көмекшім-«Емші» баспасы. Осы баспа арқылы бөрткен бидаймен емдеу туралы таныстым. Оны қолданып көрдім. Содан кейін көзімнің көруі біршама түзелді. Қарттығыма қарамастан, көзілдіріксіз жақсы көріп, оқимын.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
878
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
08.11.2012
|
Сұрақ:Мен дүкенде сатушы болып жұмыс атқарамын. Күні бойы тік тұрғандікі ме, аяғымның сіңірлері тартылып қала беретін болды. Бұған қандай кеңес бере алар едіңіздер. Назерке Бозанбай ауылы
Жауап:Аяқтың табанына таңертең және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ киім шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы-екі жетіден аса емес.
| |