Кейбір шаш бояуларының құрамында балаларға қатерлі заттар бар. Сондықтан бояуларды ашық күйінде балалардың қолы жететін жерге сақтауға болмайды.
Оқымыстылар темекі құрамында өкпені обырға шалдықтыратын компоненттің барын анықтады. Ол темекі күлінде болады екен.
Қалта телефонын кардиостимулятор тігілген адамдарға ұстауға болмайды. Себебі телефон оның жұмысын жылдамдатып, баяулатып немесе мүлде тоқтатып қоюы мүмкін.
Темекі түтіні адамды зағиптыққа соқтыруы мүмкін. Мұндай қорытындыға егде адамдардың зағиптығын тексерумен айналысатын оқымыстылар келіп отыр.