Сұрақ:Ірімшікті күнделікті қолданамыз. Оның қандай пайдасы бар екенін білмеймін. Ірімшік туралы толық мағлұмат берсеңіз.Рабиға, Ұлан ауданы
Жауап: Ірімшіктің (сыр) қатты түрі дүкенде әдетте голланд, швейцар, Алтай т.б ірімшігі деген атпен сатылады. Бұларды тіс пен тырнаққа, жалпы сүйекке ауадай қажет кальций элементінің қоймасы десе де болады (әр 25 грамында-300 мг кальций). Мұның сыртында ірімшіктің 30 пайызы басқа ас-су түрлерінен сирек кездесетін триптофан, лизин, метионин, т.б амин қышқылдарынан, май мен фосфордан тұрады. Ал ірімшікте ақуыз (белок) тіпті еттегі мөлшерден де көп. Яғни, күніне 100 гр ірімшік жеп тұрсаңыз, көрікке көрік, қуатқа қуат қосу дегеніңіз сол.
|
Баяғыда бір жалқау болыпты. Онда маңраған мал деген болмапты. Бір күні жапырайған аласа күркесінің ішінде әйелі екеуі бір уыс қуырған бидаймен шай ішіп отырыпты. Терісі кеңіп, көңілі жадыраған жалқау жұбайына былай депті:-Қатын, біз осы алдымыздағы көктемде қауын-қарбыз ексек. Ол біздің ырысымызға жақсы боп бітсе, мол өнім берсе. Сол қауынның бір тоғызын Жұмаш байға тартсақ, өзі көңілшектеу неме еді, жылқысы көп қой, бір бие беріп қалуы мүмкін. Енді бір тоғызын жамағайын ғой, Өгізбайға тарсам, ол сәтін салып бір байтал берсе... -Қошқарбайдың әкесі-ау, бұл ниетің дұрыс қой, бірақ бәрі бие болып кетті ғой, айғырсыз биелер қысыр қалмай ма?-Бәлі, ол естен шығып кетіпті, дұрыс айтасын. Қайын-қарбыздың қалған-құтқанын жинап алып Бәтеспайға апарып, құнаннан дөнен шығар айғырын алсам...
...
Толығымен (Подробнее)»
| |