Бір күні ауылдың даңғой жігіттерінің бірі тұзды әбден мақтапты.-Тұз-жеті қазынаның бірі, онсыз еттің де, нанның да дәмі болмайды,-дей беріпті әлгі жігіт.-Бір нәрсені айтпай кеттің,-дейді сонда шешен,- тұз сөздің де дәмін кіргізеді.Бізде қоразсыз-ақ күн шығады
Бөлтіріктің үйіне қонған бір қонақ ұйқыдан өте кеш тұрыпты. Ол ұялғаннан былай дейді:-Біздің жақта таң атарда қораз шақырушы еді...- Бізде қоразсыз-ақ күн шығады,-депті сонда үй иесі.
| |