Біреу сараң екен. Сараңдығы сонша, ас-ауқатын жұрттан жасырып, тек түн ортасында ішеді екен. Көршілері:-Неге олай етесің?-десе:-Түнде шыбын ұшпайды,-дейді екен.Қойға келген ұры едім, әрине, мен құтылдым
Бір қу мал ұрлауға келіп, қолға түсіп қалады. Қойшы оны құлағынан ұстап үйіне қарай сүйрейді.-Ей, айналайын, құлағымнан сүйресең сүйре, мұрнымнан сүйрей көрме,-дейді қу.Аңқау қойшы: мұның жанды жері мұрны екен деп, құлағын қоя беріп, қуды мұрнынан жетелейді.Қу басын сілкіп қалады. Мұрын аңқаудың қолынан бұлт етіп шығып кетеді. Қу зытып жөнейді.
| |