Аквариумдегі балықтар да жүйкені тыныштандырады. Қан қысымы жоғары, жүйкесі жұқарған, қаназдық, эпилепсия, жоғары тыныс және қолқа жолдары ауыратындарға, демікпесі барларға міндетті түрде аквариумдегі балықтардың тіршілігін жарты сағаттай бақылаған пайдалы. Аквариумды ауырып жатқан адамның жанына қойсаңыз, сырқаттың көңілі тынышталады әрі оның ішіндегі су буға айналып, ауаны ылғандандырады. Бұл, әсіресе, көп пәтерлі тұрғын үйдегілер үшін аса қажет. Аквариумның тағы бір пайдасы-оны балалар бөлмесіне қойсаңыз, түнгі шамды жағып әуре болмайсыз. Өйткені ол қараңғыда сәуле беріп тұрады. Балалар алтын балыққа армандарын айтып, ішкі сырларымен бөліседі. Тағы ескертетін жайт, жапондықтар аквариумда қанша балық болса, ол әр кез сонша болып тұруы керек деп есептейді. Егер біреуі өліп қалса, оны дереу алып тастап, басқа балықпен ауыстыру керек.