Асқазанында жара бар адамдар күнде таңертең бір қасық сары май мен бал және екі шикі жұмыртқа жұтып тұрғаны өте пайдалы. Бұл тәсіл асқазан жарасының тез жазылуына көмектеседі.
Несеп шығару жолдары суықтап, ауыратын болса, бақбақ гүлінің жапырақтарына 1 стақан қайнаған су құйып, 5-10 минут тұндырып қойыңыз. Сәл салқындағанда ұрттап-ұрттап ішкен пайдалы.
Өті ауыратын адам бүлдіргеннің жемісін жеу керек.
Мұрыннан қан аққанда, қан түкіргенде, қан құсқанда, сорғалап аққан қанды тыю үшін, агромания (түймешік кәрі қыз) дәрі шөбін қайнатып, он-он бес грамнан ішеді.