Манчестер университетінің ғылымдар тобы «Сықырлы» кілем ойлап тапты. Бұл кілем жалғызбасты қариялардың хал-жағдайы мен денсаулығын бақылайды. Кілемде адамның жүріс-тұрысын анықтайтын арнайы тетіктер бар. Егер адамның жүрісі өзгерсе немесе ол құлап қалса, кілем лезде белгі бере алады.Кілемді ойлап тапқандар медициналық сканерде пайдалынатын томография технологиясын қолданған. Кілемнің өзі жарықты өткізетін оптикалық талшықтардан тұрады. Адам қадам басқанда бұл талшықтар иіліп, арнайы сенсорлар жарық ағының сканерлеп, компьютерге белгі береді.Компьютердегі бағдарлама алынған ақпаратты талдап, адам ізіне қарап оның хал-ахуалын анықтай алады. Егер қария құлап қалса бірден белгі береді.Бұл құрылғы қарттар үйі, ауруханаларда қолданылмақ. Сондай-ақ құрылғы үйге бөтен адамның келгенін де анықтап, дабыл қаға алады
...
Толығымен (Подробнее)»
| |