Бірде Мөңке би өз қатарымен ойын тойда отырғанда бұрын қалжыңдаса беретін бір құдасы:
-Би-екем сарқытын маған берді?-деп көпіре берсе керек. Оны анау-мынау әңгімемен қойдыра алмасын білген Мөңке:
-Сарқытын бергенде қасында тағы кімдер болды?-деп сұрайды.
-Е, ешкім де болған жоқ,-дейді мақтаншақ.
Сонда Мөңке би:
-Сарқытын саған бермегенде, итке берсін бе?-деген екен.