1928 жылы Үндістанда туылған Прахлад Джандидің өмір сүру салты мен ерекше қабылеті бүкіл әлемді таңғалдырды. Сегіз жасқа дейін өз қатарластары тәрізді қалыпты өсіп дамыған бала кенеттен су мен ас ішуді біржолата тоқтатыпты. Сөйте тұра, оның денсаулығы нашарламаған. Ағзасындағы күш-қуаты еш кемімей, бұрынғыдай өмір сүріп, жүре берген. Баланы тексерген дәрігерлер оның қалайша су мен тамақ ішпей өмір сүретіне таңдай қақты. Адам ағзасының 80 пайызы судан тұратындықтан, оған үнемі қорек қажет. Ал бірнеше күн бойы ас пен сусыз қалған адам қайтыс болатыны анық. Алайда, П. Джандиді аурухана жатқызып бір апта бойы зерттеген дәрігерлер бұл құпия құбылыстың сырын аша алмады.Алғашқыда Джанди жасырынып тамақ ішетін болар деп топшылаған дәрігерлер оның бөлмесіне камералар орнатты. Тіпті анығына жету үшін үшін душқа баруға тыйым салды. Алайда оның расымен де су мен тамақ ішпейтініне көз жеткізген
...
Толығымен (Подробнее)»
| |