Дүние жүзінің көптеген халықтарында Маргарэт деген әйел есімі жиі кездеседі. Талай жыл Англияның үкімет басшысы болған Тэтчердің аты жер жүзіне мәлім болуы себепті бұл есімнің соңғы жылдары көп тарағаны белгілі. Кезінде Индира Гандидің есімі дүние жүзіне танымал болған кезде біздің елімізде де осы есім талай балаға қойылған болатын. Ал ілгерідегі Маргарэт деген есімнің қазақша Меруерт деген есіммен бір екенін екінің бірі біле бермейді. Түптеп келгенде маргарэт деген де латын тілінде осы меруерт деген мағынаны білдіреді.