Қыс мезгілі басталысымен мені қуық сырқаты көп мазалайтын. Дәріханадан зәр жүргізуді реттейтін дәрілерден ішпегені қалмаған шығар деп ойлаймын. Алайда әр нәрсенің шешуі табылады емес пе?! Мен де өзіме ем болатын әдіс тауып, емделген жанның бірімін. Сол арша туралы жазсам деймін. Бұл емді көнекөз қариядан естіп едім.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемістері (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіріледі. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтық қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.