***
Йодтың қайнар көзі-теңіз тағамдары. Бұл элемент уылдырық, креветка, кальмар, теңіз көпжарағында (капустасында) көп. Ал жемістердің ішінен құрма йодқа өте бай. Грек жаңғағы, қарақұмық, бас пияз бен көк пиязда да йод аз мөлшерде болса да кездеседі.
***
Ғалымдардың зерттеуінше, дені сау адамға күн сайын шамамен 150 микрограмм йод қажет екен. Егер осы қажеттіліктің орны толмаса, ағзада түрлі ауру туындауы мүмкін.