Мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағы өз салмағының 15 пайызын ғана құрауы керек екен. Одан ауыр болған жағдайда баланың арқасына, омыртқасына жүк түсіп, нәтижесінде денсаулығына зиян келуі мүмкін. Балалар ортопедтері ата-аналарға осындай кеңес береді. Медицина ғылымдарының докторы Джошуа Хаймен ата-аналардың жүйелі түрде мектеп жасындағы балалардың сөмкелерінің, рюкзактарының салмағын тексеріп отыруы керектігін айтады. Себебі омыртқаға түскен салмақ сколиоз ауруының пайда болуына соқтырады екен. Мысалы, баланың салмағы 30 кило болса, оның сөмкесі 4,5 килодан аспауы тиіс. Маманның айтуы бойынша, қазіргі технологияның бұл жағдайды жеңілдетуге шамасы жетеді. Оқушылар пайдаланатын кейбір ауыр кітаптарды салмағы 700-800 грамм ғана болатын компьютерлік планшеттермен ауыстыруға болады. Ендеше, балаңыз мектепке бара жатқанда сөмке
...
Толығымен (Подробнее)»
| |