Тырнақтың ішке қарай кіріп өсуі жаныңызға бататыны сөзсіз. Бұл көбіне аяқта, бас бармақта болатын жай. Одан құтылу үшін аяқты бұлау керек. Сосын жайсыз тырнақ өскен жерді спиртпен сүртіп, тазартып, тырнақтың ортасын 3 миллиметрдей ойып алып қою керек. Бірер күн өткен соң ауырған жер өздігінен басылады.