Сұрақ:Ешкі сүтінің бала үшін пайдасы жайында білгім келеді.Назерке, Бозанбай ауылы
Жауап: Ағарғанның ішінде ешкі сүтінің пайдасы аз айтылып жүрген жоқ. Әсіресе емдік тұрғысынан: қаназдықта, астан аллергиясы барлар, өкпе дертінде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетке, диатезге, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың, көздің нашар көруіндегі дертте шипасы зор. Ешкі сүті бала үшін ең пайдалы емдік сусын. Жасанды, аралас қоректендіруде дайын тағамдардан гөрі баланы 6 айдан асқан соң ешкі сүтімен өсіруге әбден болады. Не болмаса қосымша қоректі осы ағарғаннан іздегеннен ұтылмайсыз.
| |