Толыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге бай-мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, жалаңбас тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан: -Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр!-дейді. -Уағалейкуміссалам, жайсаң мен қасқалар, Кедейшілік ердің түсін басқалар.Дүзде жүрсек батырмыз,Үйде отырсақ қатынбыз,Қатын ауру, бала жас,Тары түйіп жатырмыз.Таудан үлкен талабым бар,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қасиеті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мақсатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, Бородулиха аудандық мешітінің бас имамы Әріпжан Қожанұлы Рамазан айын қайырымдылық шарамен бастады. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасы Байжарылғасина Шарипа Молдаханқызына азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек берілді. Бас имам Әріпжан Қожанұлы Шарипа Молдаханқызына Рамазан айының құрметі мен сауап айы турасында, уағыз-насихат айтып, өмірдің сынақ қиыншылықтарына мойымай өсіп келе жатқан кішкентай балаларына дұрыс тәрбие беруіне шақырды. Бородулиха мешітінің баспасөз қызметі.
| |