Күрт көбейіп, жаназа, қонақасы,Жиі келер жер болды мола қасы.Барлық жолдың бақиға апаратынАтақтысы бүгінде-жол апаты!Теріс іске кей пенде текке еліктер,Төрден оған орын жоқ-тексеріп көр.Ұшақша ұшып, ажалға құшақ ашарТасып аққан тас жолда көп көліктер.Келешектен осы шақ сый күткенді,Ентелейді елемей күйкі істерді.Қия жолда бір таныс қыршын кетіп,Бір досымның аяғы гипстелді.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |