Балаби қартайған шағында халқын жиып:Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?-деп,
төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:Жерден ауыр дегенім-ақыл, білім.Судан терең дегенім-оқу, ғылым.Оттан ыстық дегенім-фани жалған, адамның өмірі.Көктен биік дегенім-тәкәббардың көңілі.