Жалғасы... Даудың мәселесі талқыланып, таманың қариясы: -Найманның жігіті бесеу, бұл біреу, байлап тастамай ма? Таяқ жесе нашарлығы, не деп айып төлейміз?-дейді. Сонда Шілменбет: -Найманның жігіттері бесеу екен, Бесеуі күйелеш көсеу екен. Көсеуде құн бола ма? Сұрағаны нешеу екен. Көзіне құн жоқ, айыпты өзі. Жігіт келмейді, болмаса қыздың сөзі, Көзіне қоса қарындасын берсін, Таяқ жейді жігіттің өзі. -деп шешім айтады. Бұл шешімге Бидаш да тұрып, қызды жігітке қалың малсыз қосады. Ал Бидаш болса, өзінің ағат сөзіне ілменбетке ат мінгізіп, шапан жабады. Н. Төреқұлұлы
|