«Мұхамади» мешітінің қызметкерлері жаза баспайтын жан жоқ, түзелуін айт, қамқорлығыңды көрсет оларға деседі. Айтып қана қоймай, мұнда оларға нақты қайырылымдылық көрсетіліп жатқанын білдік. Сұрастырғанымызда мынадай деректерге көз салғанымыз бар: былтыр нөмір он жетінші колонияға 23 тамыз күні 59 мың 25 теңгенің алуан түрлі кітабы тапсырылыпты, 25 тамызда Жанғызтөбедегі жазасын өтеп жатқандарға 61 мың 675 теңгенің әдебиеті берілген екен. Аталған жылдың 25 қараша күні отызыншы колонияда отырғандар 62 мың 550 теңгенің кітаптарын алыпты. Ал 26 қараша күні жыйырмасыншы колонияға 63 мың 100 теңгенің аса пайдалы кітаптары жіберіліпті. Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Павлодар мешітіне 45 мың 400 теңгенің көрсетілген айдың отызы күні Есілбай мешітіне 32 мың 100 теңгенің кітаптары беріліпті. Кітап дегеніміз-алтын қазына ғой. Кішіге де, үлкенге де ой салып, оңды қадамдар жасауға ықпал етер абзал күш тәрізді емес пе? -Тағы да 32 мың теңгенің әр алуан тақырыптағы бүгінгі күн талаптарына сай келетін әдебиеттерін әзірлеп жатырмыз және оны кімдерге беретінімізді ойластыру үстіндеміз. Бұл айымыз да, бұл жылымыз да қалың жұртшылығымыздың, оның ішінде мұсылмандарымыздың өміріндегі шұрайлы шақ болса екен деген тілектерім бар,-деді аталған мешіттің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы. М. Балтабеков
|