Корей мақал-мәтелдерінен
Беруге қызғанғаның, бел аспай жоғалады.
Ойсыздың да өз сенімі бар.
Өзегі талған өз мүлкінің құнын білмес.
Ақылсыз ит айдалаға үреді.
Өлгеннің жасын есептемес болар.
Өнерін тастады, ит сата бастады.
Сыпырындыдан сынап жинағандай.
Айуанның да алғыс сезімі бар.
Кір тегеш күйелеш табаға күлмес болар.
Тек су мұрын демесең, Сұлулығы ересен.
Қолында билік болса, қолпаштаушы табылар.
Кіндік құрсақтан үлкен болмас.
Дөкір матаны тебенмен көктейді.
Намаз үстінде нанды ойламас болар.
|