Әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады.
Балалың жақсысы-қызық, жаманы-күйік.
Бір дәурен кемді күнге-бозбалалық, Қартаймастай көрмелік, ойланалық.
Бойда қайрат, ойдан көз Болмаған соң айтпа сөз.
Екі кеме құйрығын, Ұста, жетсін бұйрығың.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады.
Жақынның сөзі тәтті деп, Жақыным айтты дей көрме, Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге ерме.
Жастықта бір күлгенің-бір қаралық, Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
|