Шайтан-әртүрлі бейнеде көрінетін, адамды азғырып, күнәға батыруға әрекет жасаушы құбыжық. Пері-аспанда және су ішінде жүретін зұлымдық күш иесі. Негізінде қыз, әйел бейнесінде көрінеді. Перизат-періден туған, пері тектес бейне. Жын-пері-жын мен пері жиынтығы, тобы. Жын-бақсы мен балгерлерге, диуаналарға қызмет ететін, көзге көрінбейтін зиянды мақұлық. Әзәзіл-адамды бір-біріне айдап салып, өзара жауықтыратын шайтан. Ібіліс-адамды пәле, күнә жасауға азғырушы пері. Әбілет-адамды қылғындырып, тұншықтыратын кесапат. Сұқ-адамға көз, тіл тигізер қарау бейне. Шимұрын-адамды жүріп келе жатқан жолынан адастырып, батпаққа батырып өлтіретін шайтанның бір түрі. Жезтырнақ-ұзын, өткір жез тырнақтарын адамға қадап, кісі өлтіретін әйел бейнесіндегі залым. Дәу-ересен зор қара күш иесі. Дию-алып тұлғалы сиқырлы кесір бейне. Мыстан кемпір-аузы опырайған, шашы жалбыраған, мүсәпір кемпір бейнелі озбыр, көбінесе дәудің шешесі ретінде көрінеді. Албасты-әйел бейнесіндегі қас күш. Босанар, не босанған әйелдің өкпесін ұрлап тұншықтырушы әбілет. Жәрдем Кейкин
|