Есте сақтау туралы Абайдың отыз бірінші қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»,-делінген. Сондай-ақ «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлауы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
|