Тұрлыбек деген болыс бір байдан параға ақ түйе алып, қасындағы атқосшысына жетектетіп келе жатып, жолшыбай бір жоқ жұқаналау ауылға келіп түседі. Ас үстінде желпініп отырған болыс Бәйсерке деген ақсақалға желіде байлаулы тұрған түйесін көрсетіп: -Мынау ойсыл қараны сынашы,-дейді. Сонда Байсерке:-Аты шықпаған таудан,
Аты әйгілі төбе артық.
Бәйге алмаған тұлпардан,
Белі берік бесті артық.
Байламы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Мұнарланған күндізден ,
Жұлдызды жарық кеш артық.
Парадан алған түйеден,
Адалдан жиған ешкі артық.-
деп болысты көп алдында масқаралап-ақ салыпты. Болыс үндемей қызарып отырып қалыпты.