Психологтардың айтуынша, кімнің кім екенін адамның тұрысы мен отырысынан-ақ байқауға болады екен. -Тізесін бірінің үстіне бірін қойып отырғандар өзіне өте сенімді болады. Олар кез келген қиындықты жеңіп шығады. Жұмыста да, тұрмыс-тіршілікте де тығырықтан оңай шығады. -Екі аяғын бір-бірімен орап, матап тастап отыратындардың өзіне сенімі жоқ. Қандай нәрсеге болса да, өз шамасы жетпейтіндей, қорқып жүреді. Ондай адамдар бүгін шешіп, іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды жан тыныштығының бір жолы сияқты көреді. Мұндай жандар әлденеге қол жеткізуді ойласа бойына батылдық жинап, ширауы керек. -Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылған адамдардың мінез-құлқы өктем, маңайындағыларды өзінің айтқанымен жүргізіп тұрғызғысы келеді. Қашанда, қай жер, қай ортада да өзін басшы, өзгелердің қосшы болғанын қалайды. Мұндай адамдардың жұртпен тіл табысып, тіршілік етуі қиын. Жалғасы бар...
|