Жалғасы... -Екі тізенің арасын қосып, табанын жерге төсеп отыратындар үнемі қорғаныста жүреді. Олар өз тарапынан бастама көтеруге, тізгін ұстауға жоқ адам. Жұрт оны сабырлы санайды. Алайда оларда сабырдан гөрі тұйықтық, жасқаншақтық басым. -Қос табанын қатар қойып, түзу тұратындар қандай жағдайда да өз қалпын жоғалтпайтын, мінез-құлқы салмақты, тұрмыс-тірлікке икемді. Жолдас-жора, жақын-жуықтарының артық-ауыс сөзіне, іс-әрекетіне кешіріммен қарайды. -Салмақты бір аяққа салып, екінші аяғын бос ұстайтындар біреулермен пікір таластыруға бейім келеді. Олар ойындағысын қипалақтамай ашық айтады. Ондай адамдар алдына қойған мақсатына иек артпай тыным таппайды. Көпшіліктің көңіл аударғанын, халықтың назарында жүргенді жаны сүйеді. -Екі қалтасына қол салып, аяқтарының арасын алшақ қойып, төңірекке нығыздана көз тастауды ұнататындардың алған бетінен қайтуы қиын, өзіне аса сенімді жан. Олар бірдеңені мақсат етсе, соны қалайда орындап шығуға тырысады. («Керек кеңестер, № 03, 2011ж»)
|