Аяқкиімнің киілу мерзімін ұзарту үшін оны үнемі тазартып, дұрыс күтіп, сақтай білу керек. Туфлидің артын бүлдіріп алмау үшін оны арнаулы қалақшамен киеді. Резина ботинка мен етікті ағаштан жасалған айырша қойғыш арқылы шешкен жөн. Былғары ботинканы, туфлиді, етікті жұмасына екі-үш рет кремдеу керек, сонда аяқкиімнің үсті мықты, жұмсақ, жылтыр және су өткізбейтін болады. Кремді аяқкиімнің көбірек желінетін жерлеріне қалыңдау етіп, қонышына, тұмсығы мен өкше жағына азырақ жағу керек. Крем аздап сіңгеннен кейін етік щеткасымен ысып сүртеді.
|