Кейбіреулердің үйінде аквариумде балық ұстайтыны белгілі. Бұл тек сән үшін ғана емес, оның денсаулыққа да пайдасы мол. Әсіресе көңіл күйзелген кездері, жүйке ширыққанда, қатты қорыққанда, толқығанда, тағы да басқа жайсыз жағдайларда адам аквариумға назар аударса, ол босаңсуға көмектеседі. Аквариум ішіндегі балықтардың баяу қозғалысы, судың шұрылы жанға жайлы әсер етіп, көңілді тыныштандырады. Жатын бөлмесінде аквариумы бар адамдар ұйқысыздыққа ұшырамайды. Аквариумның сондай-ақ жиі суықтап қалатындар мен демікпеден (астма) зардап шегетіндерге де пайдасы мол. Өйткені ондағы су булану арқылы бөлме ауасын ылғалдандырады, бұл науқастың тыныс алуын жеңілдетеді. Тағы бір қызығы, дәрігерлер нейродермиттен зардап шегетіндерге де үйлерінде аквариум ұстауға кеңес береді. Назардың аквариумдегі балықтарға аууы науқасқа дененің қышуын бір ауық ұмытуға, сезінбеуге мүмкіндік береді.
|