Адамзат пияз көкөнісінің пайдасын ежелден жақсы білген. Пияз тамаққа дәм беріп қана қоймай, адамның иммунитетін күшейтеді, суық тиюдің алдын алады. Француз ғалымдары тамаққа үнемі пияз бен сарымсақты пайдалану сүт безі рагынан қорғайды деген қорытындыға келген. Ал жапондық ғалымдар пияз адам ағзасындағы қартаю процесін тежейді деген тұжырым жасады. Пияз құрамындағы пайдалы заттар адам қанына еніп, мидың бөліктеріне әсер етеді. Осылайша есте сақтау қабілетіне жауап беретін мидың бөлігін жақсартатын көрінеді.
|