Қан қысымын қалыпқа келтіретін өсімдіктердің бірі-қырыққабат (капуста). Қырыққабаттың жапырақтарын тәуліктің кез келген уақытында емге пайдаланса болады. Сонымен қатар қырыққабаттан жасалған тамақтың барлық түрі ағзаға қажетті дәрумендерді береді.
Сәбіздің құнды сырлары Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эротроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзегі жүрек бұлшық етінің шаршағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылданатындарға ішуге кеңес береді. Халық медицинасында сәбізді бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қарсы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, балалы әйелдің емшек сүтінің жетіспеуіне, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсынылады. Осы мақсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді. Оқушының сабақ әзірлейтін столы Оқушының үйде сабақ әзірлейтін арнаулы столы болса тым-ақ жақсы. Оны әркім өзі жасауға болады. Біз ұсынып отырған столдың тартпалы тумбасы, тартпасы, үстінде этажеркасы, оның дәптер оқулық, қарындаш, тағы басқа оқу құралдарын қоятын екі-төрт сөресі болады. Дәптерлер мен оқулықтарды столдың тартпасына салмай, стол үстіндегі сөрелерге қойса тіпті қолайлы болады, өйткені, оқушының барлық қажетті заттары көз алдында әзір тұрады.
Шашыңды күте аласың ба? Шаштың көп түсуі тек бірер аурудан ғана емес, дұрыс күте білмеуден болады. Құйқадан май тым көп шықса (майлы себоррея) немесе аз болса (құрғақ себоррея) шаш тым көп түсіп қайызғақ молаяды, бас қышиды. Мұндай аурулардың алдын алу және емдеу жолдары қандай? Құрғақ себоррея болса, шашты жиі жуудың керегі жоқ. Мұндай жағдайда шашты 10-14 күнде бір жуса жетеді, оның өзінде де балалар сабынымен немесе сабынның көбігімен ғана жуу керек. Шаш тым құрғақ болса, шашты жуып кептіргеннен кейін, бриллиантинмен немесе одеколон араластырылған касторкамен (20 грамм касторкаға 100 грамм одеколон) майлау қажет. Баста қайызғақ көбейіп қыши бастаса, 5 проценттік күкірт майымен касторка қосып (30 грамға 3 грамм касторка) жағып, емдеу керек. Бастың құйқасын 3 күн майлап, төртінші күні жуады, сонан соң тағы да үш күн майлап, тағы жуады. Бұдан кейін бір ай бойы, аптасына бір рет басты жуар алдында 8-10 сағат бұрын жағу керек. Күкірт майы және бриллиантин аптекаларда рецепсіз сатылады. Жалғасы бар...
|